«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының Онлайн-слеті

2022 жылғы 06 желтоқсанда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында Қызылжар ауданының білім бөлімі «Адал ұрпақ»ерікті мектеп клубтарының онлайн-слетін өткізді. Ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті нығайту жөніндегі бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу болып табылады.

Ауданның 39 мектебінде ерікті мектеп клубтары өз жұмыстарын жүргізеді. Клуб қатысушылары-мектептің өзін-өзі басқару мүшелері және мектеп педагогтары жыл бойы өз елінің жоғары адамгершілігі мол, жауапты, бастамашыл және әлеуметтік-құзыретті азаматы мен патриотының қалыптасуы мен дамуы үшін мектепте жағдай жасауға бағытталған тәрбие іс-шараларын өткізеді.
Іс-шара соңында оқушыларды «Адал ұрпақ»клубының қатарына қабылдау салтанатты түрде өтті.
Балаларды құттықтаймыз және оқуда алда болуын тілейміз!