Оқушыларымыз үшін «EURASIAN MILK» ЖШС сүт зауытына кәсіптік бағдар беру экскурсиясы заманауи кәсіпорынның қалай жұмыс істейтінін, сүт өнімдерінің сапасын кім анықтайтының, дүкен сөрелері мен тоңазытқыштарымызға жету үшін сүттің қандай жолмен жүретінің өз көздерімен көруге тамаша мүмкіндік.
Балалар зертханаларды, аппараттық цехты, құю алаңын, робот алаңын және қойманы аралады. Экскурсия аясында балалар кәсіпорынның зертханаларында кімнің зерттеу жүргізетінің,өнімнің сапасына кім жауапты, орау мен қаптаманы кім бақылайтыны, экологиялық аспектілер мен еңбек қауіпсіздігіне кім жауапты екенін білді. Экскурсия зауыт өнімдерінен дәм татумен аяқталды.